Өлең, жыр, ақындар

Шың жүрегі

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1326
Күн маңдайын шың төсіне тіреді,
Ағыл-тегіл сыр шертті шың жүрегі.
Жентек-жентек қарды сайға лақтырып,
Епке көктем сақылдап кеп күледі.
Кетіпті ғой дала гүлмен жаңарып,
Самал желпіп жеткізді бір жаңалық.
Қарап тұрсам соқа ізіне жондағы,
Жатыр дерсің жер қайтадан жаралып.
Көңілділік алып келді көктемім,
Жақсы көрем, күннің шуақ төккенін.
Тау басына барады өрлеп бұл көктем,
Иығына көтеріп ап кетпенін.
Жеңімпаз бір қас батырдай,
Қызықтан көзге жас алған.
Тау қарайды, япыр-ай,
Келіншектей жасарған.
Көк жиекке шашылған
Бұлттар аппақ іркіттей.
Абай төсі ашылған,
Тау-қыран бүркіттей.
Осынау қалпын маңқиған,
Жатыр дерсің түс көріп.
Күн төбеден шаңқиған,
Аттанды бұлттар түстеніп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Талқымен дидарласу

  • 0
  • 0

Тартса да қаншама көп халқы қайғы,
Сыр шертпей отыра алмас Талқы жайлы.
Талқыны ауызға алмай,
Ей, халайық!

Толық

Шекарашы

  • 0
  • 0

Қауіптен сақтандырып ел-ананы,
Күзетіп сен келесің шекараны.
Өзіндей қырағы ерлер тұрған шақта
Еркіндеп табиғат та дем алады.

Толық

Еркелік

  • 0
  • 0

Жапа шеккен жалғыздыққа осынау,
Сен де араша бола алмадың досым–ау.
Жеңе білген қиындықтың қандайын,
Адамдардың жаны тіптен асыл–ау.

Толық

Қарап көріңіз