Өлең, жыр, ақындар

Көңіл сарайы

  • 06.09.2018
  • 0
  • 0
  • 1670
Орманды сонау ішінде таудың көгілдір,
Орман ішін бөлеп жырға, төгіп нұр.
Жапа-жалғыз ғажап жұмбақ сарай бар,
Көрген сайын толқып өтер көңіл бір.
Тәкаппар шың құшағына алып тұр,
Көрем кешке сол сарайдан жарық нұр.
Сол бір лашық суретке ұқсап өшпейтін,
Кім біледі, әлдекімдер жанарында қалып жүр.
Тапжылмастан тұрған жылдар талайғы,
Дей ме түнек баспасын сол сарайды.
Шың үстінен төгіп оған арайды,
Сызылған ай жаутаң-жаутаң қарайды.
Қарсы алады ол нұр көктемді, бал күзді,
Ол да өзінше жұлдыздарын жанғызды.
Әлдекімге ащы шарап алғызды,
Әлдекімнен нәп-нәзік бір әнді үзді...
Тұрды лашық уақыт кешіп мұнартып,
Мелшиеді сезбегендей құзар түк.
Алтын арай сол бір лашық әйнегін,
Сәулесімен бояп кетті қызартып.
Сол сарайдан жас ормандар өсетін,
Сол сарайдан бір салқын леп есетін.
Ұсынатын достарына ол сыр толы,
Мынау өмір шарбат толы кесесін.
Кімдер оған бүркемелеп сұр қайғы,
Кімдер одан кейде күлкі ұрлайды?..
Сен бұзылма шіркін көңіл сарайы,
Сырлы дүние сыбызғылы, сырнайлы!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Түс көрдім мен

  • 0
  • 0

Түс көрдім мен,
Түсімде сені көрдім.
Қандай ғажап тасыған көңілі ердің.
Шалғылары жетілген мұзбалақтай

Толық

Тау әсері

  • 0
  • 0

Жалғасып жатқан шыңға шың,
Шалғайдан көрдім шың басын.
Етектен тұрып үн қатсам,
Биіктен тауым тыңдасын.

Толық

Сағынышпен ойға алдым

  • 0
  • 0

Жағасына сәл кідіртіп Сайрамның,
Елес сынды өте шықты,
Қайран күн!
Сұлу Сайрам тұнығынан өмірге —

Толық

Қарап көріңіз