Өлең, жыр, ақындар

Еске алу

  • 12.09.2018
  • 0
  • 0
  • 6226
Еске алсам сол бір кезді жан сезімім тулайды,
Дірілдеген көл жағасы, бұлбұл үні, түнді айлы.
Кірпігіме жас үйіріліп, мұңаямын түсім бе ол,
Қанша алға өтсем-дағы сол күн қайта тумайды
Сырлассам да ерке самал,
меңіреу түнмен тұңғиық,
Тына қалар тентек бұлақ,
ойға шомар шың да ұйқың.
Жылдар, жылдар, қатаң жылдар
қашықтатып кетсе де,
Барлығынан сенің бейнең,
сенің жаның тұр биік...
Жамылып түннің желегін,
Сыңсиды қайың тым баяу.
Есітіп мұңды өлеңін,
Жатырмын ойда әлі ояу.
Күбірлеп майда жапырақ,
Терезе қағып дамылсыз.
Ұйқыға мас боп атырап,
Қадайды көзін ай үнсіз.
Түйіліп күннің қабағы,
Бұлт астынан қарады.
Бұрқ-сарқ етіп долы аспан,
От бүркіп те қалады.
Құяды жауын сіркіреп,
Далада тасқын дүркіреп.
Жүрегім дүрсіл қағады,
Нұр тілеп, жарқын жыр тілеп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шалғай ауыл

  • 0
  • 0

Күн кештім қандай қымбат,
Қандай ауыр,
Куәсің сен бәріне,
Шалғай ауыл!

Толық

Өткелдер

  • 0
  • 0

Қарт тоғай, Сарытоғай, күңіренген,
Өзен жатыр бауырында жүгіре емген.
Сап түзеп тұрған сарбаз сияқтанған,
Құдіретіңнің алдында жүгінем мен.

Толық

Құмырадағы жас

  • 0
  • 0

О, сұм заман!
Елді елмен соғыстырған,
Жұрт қаралы,
Ерлерін соғыс қырған.

Толық

Қарап көріңіз