Өлең, жыр, ақындар

Қызыма

  • Jozi
  • 25.09.2018
  • 1
  • 18
  • 210599
ТУҒАН КҮНІҢ құтты болсын, жан қызым,
Айшам менің еркелеген сəн қызым.
Ата-анасын жетелейтін жұмаққа,
Алтыннан да қымбат маған əр қызым.

Қызым менің қызғалдағым, тұңғышым,
Бойжетіп сен келесің міне, жұлдызым,
Денсаулығың мықты болсын, жүрегім,
Орындалсын арман-ойың, тілегің.

Қызым менің қызғалдағым, шырайлым,
Саған бақыт жаратқаннан сұраймын.
Иман нұры жүрегіңді толтырып,
Тура жолмен жүре бергің, арайлым.

Күн нұрындай жайнай берші, жарқыным,
Қуанышқа толы болсын əр күнің.
Денсаулығың мықты болып, ауырмай,
Аман-есен көз алдымда жүре берші, алтыным.

Қабыл етіп Аллам осы дұғамды,
Ұзақ болсын ғұмырың əрі мəнді,
Жақсы оқы сабағыңды, озат бол,
Ата-анаңнның саған деген тілегі сол.



Пікірлер (18)

Гульнар

Бала шағаң аман болсын. Керемет

Баян

Өте керемет

Меңсұлу

Керемет өлең

Кульпаран

Тамаша

Кульпаран

Өте керемет

Жанар

Керемет екен
Көшіріп алдым

Венера

Өте күшті өлең шумақтары. Жылап жібердім ғой

Гульнара Қамарқызы

Керемет

Тамаша!

Рахмет

Анель

Салем

Нуржамал

Оте керемет жазылган

Динар

Қандай керемет жазылған

Наргиза

Керемет өлең шумақтары

Кәмшат

Орташа

Сымбат

Керемет

Аяулым

Туган кун

Ақнұрдан.

Керемет.

Лаура

Керемет сөз жоқ.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар