Өлең, жыр, ақындар

Сағындың ба, Ана?!

Сағынып жүрек,
самарқау сəтті сезінген
Сандалып, мынау,
сая таппады-ау, өмірден
Сары күздей боп,
сарғайып жүрген қызыңды
Сағындың ба, ана,
бір тамшы төгіп көзіңнен?!
Үлп етсе жүрек,
үзілген сол бір тамшыдан
Үзіліп сенен
қалмайыншы-деп, таусылам
Үркер туғанда,
үнсіз отырып тіледім...
Үкілі үмітім,
үрікпесін, тек, аңшыдан...

Тіледім ана,
кездесер күнді-қуаныш
Жүрегім бірге,
жүрсем де сізден, тым алыс
Сағынып жатып,
түсімде сені көрсем ғой,
Жақсы түс көрсем,
жаныма сол да жұбаныш...
Қоңыр күз келді,
қорғасындай боп ұйыған
Қоңыр қозың жүр,
қотансыз тыста бұйығам
Қой көздеріңді
жұлдызға анау ұқсатып,
Қос жанарыңның
шұғыласына жылынам!..

Шынар Кендін



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз