Сағыныш күзі
Жəудіреген күздің жанар-жүрегі
Сары түстер əлеміне тұнғанда...
Сағыныдым ба, неге жаным жүдеді?
Жапырақтан жаңбыр жауып тұрғанда?!.
Жырмен қымтап,
жылытамын жанымды,
Күзгі түннің
айы шалқақ туғанда.
Сендер жақтың
қысы қатты болғанмен,
Құстар қайтып
келіп жатыр бұл маңға...
Сағыныштан
сарғаймасын, тілегім:
Аман өтсең екен,
айдан, жылдан да!
Шынар Кендін.
- Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
-
- Габриэль Гарсиа Маркес
- Альфред Адлер
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі