Өлең, жыр, ақындар

Желтоқсанда...

Желтоқсанда желді ысқырық әні бар,
Желтоқсанда көз жасымның мәні бар:
Қыршын кеткен өрімдерге жан күйсе,
Желтоқсанда қуаныштың дәмі бар.

Желтоқсанда қандасымның қаны бар,
Ұлтым деген бейкүнәнің жаны бар.
Адамғұрлы көрмеген сол батырдың
Желтоқсанда ата-ананың зары бар.

Желтоқсанда ұлтым деген қамығар,
Кескініңді абыроймен танып ал.
Шырылдаумен шындық туын көтерген
Қайраттардың болашаққа қамы бар.
(Шетел жаққа мойын бұрған жігіттер,
Сөздерімді ақылменен қабыл ал.
Қатын десе арланады арыстан
Құлақ емес бойға намыс тағынар.
Елім деумен еміренер ерлерім
Ел алдында бояусызда танылар
Жан даусымды құлағыңа тағып ал)

Желтоқсанда нәзік жандар табылар,
Мұзға сүйреп иттер балақ қағынар.
Ләззаттар мен Сәбираның жан даусын
Тәуелсіздік ақ моншақ боп тағынар.

Желтоқсанда мұздақ оты жағылар,
Құрбандардың әр жүректе тағы (тақ) бар.
Жаңа жылдан ұлы бізде мереке
«Тәуелсіздік» дейтін үлкен бағы бар



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алаш туы астында

  • 0
  • 3

Адамды Алла жаратқан жер бетіне
Салем етіп Пайғамбар үмбетіне
Ассалаумағалейкум арда халқым
Айналған тәуелсіздік келбетіне.

Толық

Жырласа жастар жырласын

  • 1
  • 0

Басыңа жеткен кезде бостандығың,
Тіліңді білмегенің қастандығың.
Анасын күткен сәби секілденіп,
Жәутеңдеп кешпесін күй тастандының.

Толық

Бақыт бағы

  • 0
  • 1

Отбасында адам бойындағы асыл
қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады.
Отанға деген ыстық сезім – жақындарына,
туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.

Толық

Қарап көріңіз