Өлең, жыр, ақындар

Бұқар бабаша

  • 13.11.2018
  • 0
  • 0
  • 1085
Жал құйрығы қаба деп
Жабыдан айғыр салмаңыз!
Бұқар баба тағылымын
Бүгінгі күнге жалғаңыз!
Өз басыңның қамы үшін,
Арамдыққа бармаңыз.
Бар өмірді xақ жолмен,
Адалдыққа арнаңыз!
Жақсыңызды алдамай,
Нәпсіңізді алдаңыз.
Қомағайланып бөтеннің,
Мүлкіне көзді салмаңыз.
Осы өмірдің азығын,
Жинаумен қапы қалмаңыз.
Ақыреттің азығын,
Осы бастан қамдаңыз!
Ұрлықпенен мал жиып,
Барымтаға бармаңыз.
Ұрлық түбі - қорлық боп,
Жолда қалар арбаңыз.
Ақысын жеп жетімнің,
Көз жасына қалмаңыз.
Мақшар күні болғанда
Қиын болар шаруаңыз
Тамұқтан қашам десеңіз
Халықтан пара алмаңыз
Қара қылды қақ жарған
Билердің жолын таңдаңыз!
Ұлтыңның ұлы болыңыз,
Құлқынның құлы болмаңыз!
Ала жіп аттап адаспай
Тура жолдан танбаңыз
Адал жолмен жүргенді
Жарылқайды өзі Алламыз!
Бұралаң жолға түсірмес
Бұқар бабамнан қалған із!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Диалог

  • 0
  • 0

Үйдің іші түн ортасы кіргендей,
Ояу жатқан жалғыз ғана бір мендей.
Мазам қашты,үйіп берген ұстаздың,
Тапсырмасын орындауға үлгермей.

Толық

Ақпа жұлдыз

  • 0
  • 0

Қиялымда «ақпа жұлдыз» пайда болған,
Жанымнан,нәр алады, тамып тұрған.
Баурады бөтен әлем бас айналып,
Бұл қиял ажалына қадам басқан.

Толық

Рухани жаңғыру

  • 0
  • 1

«Рухани жаңғыру» — сәт қой ол сауапты,
«Рухани жаңғыру» — үміттің ақ ордасы.
Жат адамдар түттініңді түтетпес,
Алау отты рухы биік жағады.

Толық

Қарап көріңіз