Өлең, жыр, ақындар

Оян.

  • ARAIS
  • 16.11.2018
  • 1
  • 0
  • 898
Оян намыс, ұятым, арым оян
Бөрі қазақ қашаннан болдың қоян
Бәлкім отыз сегізден, бетің қайтты
Әлде сексен алтыда ызғар шалған

Әлде нарық қыстыма бүйіріңнен
Неге сонша үркектеп шапқылайсың
Жалғыз тайша айырылған үйірінен
Қанша қыспақ болсадағы тұс тұстан
Найзаменен түйресе де қас дұшпан
Ардан жанды садаға етіп келіп ек
Қай заманнан шалыс бастық, қай тұстан.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз