Өлең, жыр, ақындар

Әжеммен қоштасу

Сенгімде оған келмейді,
Көнгімде оған келмейді
Тағдырдың жазған амалға
Кім қарсы болған жалған да
Жылатып бізді қалдырдың,
Әжетай келмес сапарға
Біздер де сені қимаймыз,
Әжетай сенде қиналма
Жыламай сабыр сақтармын
Өксікті жасқа тұншығып
Амалым қанша әжетай
Көрсетпей менде жылармын
Еске алып өткен өзіңмен
Қымбат бір уақыт мен үшін
Қызым деп әркез еркелеп
Отырушы едің ғой әжетай
Тосумен әрбір балаңды
Жүзіңнен шашып нұрыңды
Жарығым әжем асылым
Асқарлы тауым , алып шың
Өзіңмен бірге өткен күн
Оралмас әже енді кеш
Ойланып енді жыламай
Есімде мәңгі сақтармын
Жүректің түкпір ішінде
Өзіңмен өмір сүреремін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз