Қалай ғана

Біз қазақпыз ешкімді кемсітпеген
Жетімі мен жесірін өксітпеген
Қалай ғана жүреміз беу қазағым
Еліміздің дамуын өршітпеген

Қазақстан ұлаң-ғайыр кең даламыз
Сол далаға зәулім -зәулім үй саламыз
Ешкімге сатпайықшы оу басшылық
Шырылдайды патриот біз балаңыз

Болашағы еліміздің біздің қолда
Талай асу белес бар осы жолда
Тілімізді сақтайық ей жастарым
Тілсіз болмас әр тірлік оңда

Мен қазақпын күйінем қазақтарға
Қарамайды болашақтық талаптарға
Даму керек қазағым даму керек
Сену керек орындалар ғажаптарға

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (3)

Гулиза Аргинбаева

Жарайсың автор! Қаламың ұштала берсін.

Мадина

Елінің патриоты екені көрініп тұр.Керемет.

Абылай Хан

Мыкты ✊✊✊✊

Пікір қалдырыңыз

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)