Өлең, жыр, ақындар

Туған жер

Туған жер-ақ самалың ,беттен өпкен
Сен жайлы армандарым көкке жеткен,
Топырағыңда қасиет тұнып тұр ғой
Кешіре гөр, кезім болса өкпелеткен.
Іштегі сан мыңдаған сұрақта көп
Сен жайлы көп ойланам жыраққа кеп
Кәусарыңнан тұнып іштім сендегі
Әсем мөлдір өзіңде бұлақта тек
Сахараң,далаң,тауың,дарияңдай
Ақбасты Алатауым-қариямдай
Тектілік,адалдықпен ізгілікке
Үйреткен сенің ауаң ар-иманға
Мен сенен әлі талай күш алармын
Қарасына сиярсың қос жанардың
Қамқор боп,қасиетіңмен жебей жүрші
Сонда ғана биіктерге ұша аламын.



Пікірлер (1)

Айғаным

Күшті
Супер

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар