Өлең, жыр, ақындар

Адамгершілік

Дүниеге келеміз ғой пәк болып,
Күнәға бату адамгершілікке жат қылық.
Жақсы жаққа өзгерейік бауырлар,
Жаман қасиетті тастайықшы лақтырып.

Қайда барсаңда Қорқыт көрі қазылған,
Барлық әрекет амал дәптерге жазылған.
Адам өмірі өте-өте қысқа ғой,
Әрі кетсе бір ғасырға созылған.

Қиналған жанға беріп жүрейік қол ұшын,
Бұл ісің сенің адамгершілік жеңісің.
Ел есінде әрқашанда қаласың,
Ерлік істесең қандай да бір ел үшін.

Сындырмасын сағыңды,тағдырыңның тепкісі,
Адал болшы қазағым,намазыңа бет бұршы!
Мынау жалған дүние бәрінен де қалады,
Түсінбейді осыны,түсінбейді көп кісі.

Жақсы жаққа өзгерші,жақсылыққа бет бұршы,
Көмек сұраған пендені, қалауына жеткізші.
Адамгершілік болса егер бойыңда,
Сен боласың әрдайым тектілердің тектісі.

Жан-дүниең сенің әрқашанда пәк болсын.
Осы сөзім әрдайым жүрегіңде сақталсын.
Жаман қасиетіміз мүлде жоқ болып,
Жақсы қасиеттеріміз көп болсын!



Пікірлер (4)

Айнұр

Осыған шығарған өлеңді жазу үшін не істеу керек?өтініш көмектессеңіздер екен.

Арман

Айнұр,кімге шығарған өлең?

анар

автор ким

Әсем

Анар, авторы КИМ емес)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар