Өлең, жыр, ақындар

Жан аға

Сезімімнен шық тамса,
Жүрек сырын ақтарып.
Шуақ шашқан ақ таңда,
Тұрам кейде шаттанып.

Ғарыштармен теңгерген,
Ізгілік бір нұрлы ұғым.
Адамдардан мен көрген,
Биік сенің жұлдызың.

Сағынамын көрмесем,
Ағаны аңсар жүрегім.
Сыйлы болсаң елге сен,
Шалғайда шат жүремін.

Жол сілтеген жастарға,
Асыл туған ағасың.
50-деген асқардан,
Асып бүгін барасың.

Соқсын Ұлы жүректер,
Алдырмасын күз бейне.
Орындалса тілектер,
Жүздесерсің жүзбен де.



Пікірлер (3)

Арипбаева Ләззат

Гүлсана өлеңің керемет, шабытың шыңдала түссін. Саған шығармашылық табыс тілеймін.

ұлжан

Өлең шумақтарыңыз керемет маған ұнады

Сәуле Базарова

Гүлсана өлеңіңіз өте керемет жазылған.Сізге шығармашылық табыс тілеймін!

Пікір қалдырыңыз

Шардара

  • 0
  • 3

Шардарам, менің, Шардарам,
Ақындар жырын арнаған.
Сұлулығыңа тамсанып,
Әншілер талай ән салған .

Толық

Тілім менің

  • 0
  • 1

Тіліп түсер білгенге тіл дегенің,
Тілім барда мен басқа түрге енемін.
Тілімнің арқасы ғой әрқашанда,
Бойыма дарыса егер білмегенім.

Толық

Анашым

  • 0
  • 1

Анашым менің жаны асыл,
Қызыңа әркез панасың.
Түн ұйқысын төрт бөлген,
Бәрінен маған дарасың.

Толық

Қарап көріңіз