Эссе және өлең-жыр байқауы

Домбыра

Домбыра
Бойымды қазақ қаны билеген,
Қос ішегі бір-біріне тимеген,
Қазағымның домбырасы күй тартса,
Тебіреніп, ерекше бір күйге енем.

Күй шертілсе, домбыраның ішегі,
Бойыма бір ерек күш енеді.
Рух сыйлаған жүрегіне қазақтың,
Тарихымды жалғастырған үн еді.

Мүлде бөлек, оның үні басқадан,
Естігенде елжіреймін, тамсанам.
Жалықпаймын толқығанда күйлерін,
Жалықпаймын, жалықса да басқа адам.

Домбыраның мен үшін жөні ерек,
Күйлерінің әрдайым үні бөлек.
Әсем әні бөлейді, бір рахатқа,
Оны тек тыңдап қана, білу керек.


Басқа да өлеңдері

Жетеле, арман мені асқақтарға.

  • 0
  • 1

Жетелеп, арман мені асқақтарға,
Түлек болып қалыппын, қас-қаққанда.
Нақты арман, айқын мақсат ойымдағы,
Мақсатым, тағы ұласар мақсаттарға.

Толық

ҚАЗАҚ ҚЫЗЫ

  • 0
  • 0

Байсалды, әрі батыр, өзі сері,
Тең емес, өзге елдің келтелері.
Намысшыл, жалын атқан көздерінен,
Бұл менің, қазағымның жігіттері.

Толық

Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Пікір қалдырыңыз


Жүктелуде...