Қожа ахмет ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті талапкерлерді оқуға шақырады!

Сырт айналдым, көп адамнан расымен.

Сырт айналдым, көп адамнан расымен.

Сырт айналдым, көп адамнан расымен,
Бет - бейнесін көрсетпейтін көп адам
Қатыгез боп барады екен несімен.
Сырт айналдым, көп адамнан расымен,
Тыныстаппын досы, таныс, қасыммен.

Бет - бейнесін көрсетпейтін көп адам!
Бейкүнә боп, жаратылар адамзат,
Уақыт өте көп өзгерер қадамдап.
Түрлі кейіп, түрлі тұлға келеді,
Бірі адал, ал кейбірі арамза.

Арамзалар көп болады, қарағанда адамға,
Жылы қабақ танытқан адам, саған адам ба?!
Көз алдамшы! Сенбе ешкімге! Ешқашан!
Көлеңкеде жоқ болар, тек бір ғана қадамда!

Қара досым, жиналды, өкпе - реніш тез - ақ маған,
Сырымды саған емей, кімге ақтарам?!
Қалғанына сенім жоқ, бәрі сатқын!
Ақиқатқа көз жұма, қара өсекті жақтаған.

Қарап тұрсам, білмейді екем, "мен" туралы шындықты,
Өзге білер, саған аян, өсектейді ол мықты!
Тым ұзақ лауласа да қара өсектің алауы,
Сасып - бықсып, иісі шығар, ол уақыттың қалауы.

Өзі құлап жатса да, сүрінгенге күледі,
Сүрінгеннің артынан, сөз ергізіп жүреді.
Құндылықты төмен қойған бәрінен,
Ондай адам сасықтардың қатарынан келеді.

Көрдім мен осы адамдар қатарын,
Өзге адамда болмаса да шатағы.
Жамандап ап, өздері бір мәз болар,
Жер жарардай содан оның атағы.

Ақынмын ба халық мұңын мұңдайтын,
Қара өлеңнен көпке рақат сыйлайтын.
Әлде мүмкін, тек қаламның досымын,
Ақтаратын қағазға, сырымды ішке сыймайтын.

Сұрақтарым сансыз, әрі көп менің,
Қара өлеңім көңілдегі көктемім.
Қаламсабым күәсі, әрі әлі есімде,
Ақ қағазға сан сауалды төккенім.
Армандаймын, арманымды жазамын.


Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...