Эссе және өлең-жыр байқауы

Фариза.

Фариза.
Ол елге сүйкімді еді, сүйікті еді,
Қара өлеңнің тарланын кейіптеді.
Қара өлеңмен ақтарған бүкіл сырын,
Фариза ақындықтың кейіпкері.

Өлеңімен сан жүректі мұздатқан,
Өлеңімен қанша жанды тыңдатқан.
Мен үшін де, қазақ халқы үшін де,
Өте дара, өте ерек, қымбат жан.

Әр өлеңі ой - санамен үштасқан,
Фаризаны тек бостандық, құшты аспан.
Ол өлген жоқ, жүректерде сақталған,
Тек денесі халқыменен қоштасқан.

Өлеңімен әлі күнге сөйлейді,
Тыңдар жанды махаббатқа бөлейді.
Тілдеседі, кітаптардың бетімен,
Ерекше жан, парасатты, көмейлі.

Өмір сүрді келешек деп, бүгін деп,
Тек жүретін, бір кейіпте күлімдеп.
Бола білген падишасы өлеңнің,
Сөйлеп тұрар, әр жүректе дүбірлеп.

Басқа да өлеңдері



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Жүктелуде...