Өлең, жыр, ақындар

Жаса елім жаңғырып!

Абылайдай билікті алып Нұраға,
Күлтегіндей күңіренді ғұлама.
Елі үшін басын тігіп бәйгеге,
Алға сүйреп келеді әне Ұлы адам.

Қазағымның қанында бар дарыны,
Салтты ұстаған тәрбиелі,сабырлы.
Заманауи әрекетпен әуестен,
Тұрған кезде тұла бойда жалының.

Жерің- байтақ,тілің- қуат,қазақсың,
Бейбіт елде ұрпақ жайған азатсың.
Ақтау парыз ата-баба үмітін,
Тұрған кезде бар мүмкіндік ғажап күн.

Сақтап қалу парыз тіл мен ұлтыңды,
Жаңғыртуға үлес қосқын ұмтылғын.
Ата салтты жалғап келер ұрпаққа,
Биік ұста әрқашан да рухыңды

Тілім,дінім,халқым тұрсын мәңгілік,
Жетелесін жақсы жолмен алға үміт.
Иық тіреп қатарынан табылғын,
Біліміңмен жаса мәңгі жаңғырып!



Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз , - авторы өзім - деп белгілеуді ұмытпаңыздар. Енгізгенде - авторы өзім -деген белгі бар, соны басу керек(жазудың үстін). Егер қосқан өлеңіңізде бір қате көрсеңіз, "Қалам"-ды басып өлеңді өңдей аласыз.

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз