Өлең-жыр байқауы

Өткен жыл былай болды... (Денис Тенге арнау 2 )

Өткен жыл былай болды...

19 ға жету үшін ай мен күнді санадық
18 бен қоштастық та жыл қарсалдық жаңа қып
Өткен кезге көз жүгіртсек, не дүние тындырдық
Біздің елде нелер болды, болды қандай жаңалық

Талай нәрсе болды дағы, талайы да болмады
Мен айтайын, сіз тыңдаңыз, тыңдасаңыз болғаны
Айтыңызшы, сәукеле ол кереметтей дүние
Сол дүниені кейбіреулер дымсыз киіп қорлады

Сәукелені дымсыз қызға қия алмадық, қимадық
Шырын деген жастай қызды оттап боқтап қинадық
Ұялмаймын деді ғана сұқ саусағын шошайтты
Хайп деді, пияр деді, біз намысты жинадық

Жаз кезінің орта кезі болды бізге қиын ең
Елімізді танытып еді, келді талай жеңіспен
Мұзды жердің ортасында көк байрақты көтерген
Жастай кетті, кете барды оралмастан Денис Тен

Сол Денисті көтерген де, өлтірген де бір қазақ
Шілде айының 19-ы болды қиын күн ғажап
Пышақ сұқты, ақша үшін, байлық үшін өлтірді
Денис ағам, чемпион, бір қазақтан көрді азап

Жер бетіне үш әріппен жұлдыз болған ағамыз
Гена боксёр жеңілді деп жылап қазақ даламыз
Кейбіреуі жаман қылды бір жеңілген кезеңде
Олай емес, Гена, сізге талай алтын тағамыз

19 да келіп қалды, айтып жатқан жаңағы
Басталуы қиын болды, құдай соны қалады
Қарағанды, той кезінде, қайғы болды кенеттен
Қырғын армян жабылды да бір қазақты сабады

Бұл оқиға дүрсіркініп, қазағымда қозғалды
Қарны барлар тыпырлады, талай қазақ боздалды
Патриоттар көтерілді, митингте көрінді
Марқұм болса мәңгі кетті, артынан тек із қалды

Өткен өмір былай өтті, қиын өтті осылай
Кейбір жағдай айтылмады, кейбірі қалды қосылмай
Ендігі жыл қалай болмақ, алла жазсын жақсыға
Бәрі алланың қолдауымен, бұл өмірдің тосыны-ай...

Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз