Өлең, жыр, ақындар

Жалынды жастарға

Қазағымның от жалынды жастары,
Өнер менен білім біткен бастары.
Сендер барда көк туымыз желбіреп,
Ашық болсын қазағымның аспаны.

Ұлы елдің арқалаған сенімін,
Үміт артар қуанышы елінің.
Сендерсіңдер, от жалынды жастарым,
Тыныштығын сақтар қазақ жерінің.

Баянды етіп елдің бақыт,бірлігін,
Бабалардың жалғап ізгі тірлігін.
Оқуға əркез құмар болған жастарым,
Болашағың басталады дəл бүгін.

Заман жылжып,күндер өтер үнемі,
Отаным деп соқсын жастар жүрегі.
Сендер барда біз өмірден өтсек те,
Сенем, қазақ бейбіт өмір сүреді.



Пікірлер (2)

Жансая

Жастарға рух сыйлайтын керемет өлең екен.

Болган

авторы кім екен

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз