Өлең, жыр, ақындар

Махамбет пен Пушкин

  • 09.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1440
Дананы бір кезіктірер данаға,
Ұлылықтың өз кесімі бола ма?
Александр Сергеевичті,
Текеде,
Махамбетпен жолықтырды жол — ана,
Өтеді ғой, бастан нелер өтеді,
Александр жанып тұрған от еді.
От болатын Махамбет те лаулаған,
(Қатал тағдыр сол оттарды мезгілсіз,
Өшірмесе не етеді?!)
Сүйіктісі Наташаға былай деп,
Хат қалдырып,
«...Шыда жаным...
десең егер отасам....
Мен өзіңсіз бағдар таппай адасам...
Пугачевке бола жалғыз қалдырдым...
Сүйдім сені, Наташам....»
(Қоспай, алмай өз атымен аташы,
Уа, тағдыр,
Ұлылықты атасаң).
Содан бері қанша бақтар гүлдеді,
Өтті-кетті ол ақындар күндері.
Қайран Пушкин көтерілісті зерттеген,
Арғымағын Емельян боп ерттеген,
Тағы бір,
Ер тұрғанын дәл жанында білмеді...
Екеуі де құзар шың ед алдырмас,
Екеуі де жырда дүлдүл шалдырмас.
Бірі патша, бірі ханға көнбеген,
Екеуі де — тағдырлас, -
Іс тындырып, сөз айтатын астарлы.
Патша, хан да екеуінен жасқанды.
Бірі жазса көтерілісін шаруаның,
Екіншісі соның өзін .басқарды.
Жыл — керуен жылжиды ғой ілгері,
(Өтті-кетті ол ақындар күндері).
Екеуі де бостандықтың құрбаны,
Болатынын білмеді,
Ал білгені білгені:
Екеуі де екендігі жыр кені,
Бекемдігі қара қылды қақ жарар,
Қиянатқа түргізбеуі іргені.
Ех,
Қандай қиын ақындардың,
Еркін өмір сүрмегі...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Іштей сыр шертем мен...

  • 0
  • 0

Жүрекке өртенген,
Бір өпкен дару ма?
Іштей сыр шертем мен,
Қасымда аруға.

Толық

Шаганэ, менің Шаганэм!

  • 0
  • 0

Шаганэ, менің Шаганэм!
Айтуға жырдың қандайын,
Далалық жанмен мен дайын.
Елімде тербер ән дәйім,

Толық

Коммунизм

  • 0
  • 0

Коммунизм...
Ол идея күйреді,
Капитализм...
Елді қайта биледі.

Толық

Қарап көріңіз