Өлең, жыр, ақындар

Келе ғой көктемім

  • 19.03.2019
  • 0
  • 1
  • 2187
Келе ғой, көктемім, аңсаған,
Тазартшы, ызғардан аспанды.
Сен ғана әндерді бастаған,
Сен ғана бастаушы дастанды.
Жасартшы, жапырағын орманның,
Сайратшы, жырлампаз құстарын.
Көрейін қанатын арманның,
Көрейін әндетіп ұшқанын.
Жан берші мұз басқан өзенге,
Тыңдайын оның да жақсы әнін.
Селдетіп тағы бір жөнелсін
Бітпеген былтырғы дастанын.
Құтқаршы, қыстайғы тамұқтан,
Жылытшы, қойшының денесін.
Жазылсын тамағы қарлыққан,
Жып-жылы сары уыз жегесін.
Шықсын да жадырап жайлауға,
Қайтадан әнін бір бастасын.
Мұршам жоқ, айтуға, ойлауға
Қойшының күнінен басқасын.



Пікірлер (1)

Зекон

Анашым

Пікір қалдырыңыз

Іштің, іштің, іштің кеп

  • 0
  • 0

Іштің, іштің, іштің кеп тоқталмадың,
Арақ ішсем деуші едің жоқ-ты арманым.
Енді міне жаманның бірі атандың,
Артық емес сияқты жоқтан барың.

Толық

Дәужан ойлары

  • 0
  • 0

− Біздің Жәмен пысық қой,
Біздің Жәмен шебер - ау,
Жамағаны жаңадай,
Мұнысы да өнер - ау!

Толық

Мінезі құрсын ақынның

  • 0
  • 0

Мінезі құрсын ақынның!
Кейде бір мұңлы пақырмын,
Айтайын десем әнім жоқ,
Аунақшып босқа жатырмын.

Толық

Қарап көріңіз