Өлең, жыр, ақындар

Ұрпаққа

  • 19.03.2019
  • 0
  • 0
  • 2165
I
Ұрпағым, маған құлақ ас!
Мен ертерек өткен кәріңмін.
Бірақ мен де бармын ішінде
Жанағы айтқан әніңнің.
Бұл әнді біз де айтқанбыз,
Домбырамен де тартқанбыз.
Жастығымды қосқанмын да осы әнге
Кейінге - саған қалдырғам.
Өлмесін де, тозбасын деп
Атын да қойғам «Балдырған».
«Балдырған» барда мен бармын.

II
Ұрпағым, маған құлақ ас!
Мен ертерек өткен атаңмын,
Мені де сүйген өзіңдей
Атар таң менен батар күн.
Кешкі қызыл шапағына күнімнің
Мен де қосқам қанымды,
Отымды да сарқып соған бергенмін
Лаулатуға көкжиектегі жалынды,
Шығар күнде мен бармын,
Батар күнде мен бармын.
III
Көтерген сайын көк теңізде желкенді
Жел сұрайсың жастарым.
Сонда жел зулап жөнейді,
Күйрете жолдың тосқауын.
Кетеді тастап артына
Таулардың құзын, тастарын,
Өтеді бұзып орманды,
Еменнің иіп бастарын...
Жөнейді жел желкеніңді жетелеп,
Кетесің сен көк тұнықты төтелеп,
Сол желде де мен бармын,
Қосқанмын оған ақырғы алған демімді.
Жел бар жерде мен бармын,
Тербей берем теңізіңді, көліңді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алтын ай

  • 0
  • 0

Терезеден тесіліп,
Қарасам сұлу далаға.
Айды көрем қалғыған
Ұсаған жас балаға.

Толық

Төрт жолдар

  • 0
  • 0

Тот басады темірді,
Сел шаяды жеңілді.
Тот баспайды ерлікті,
Сел шаймайды сенімді.

Толық

Ауылдағы азан

  • 0
  • 0

Естуші едім ауылда
Молдамыздың азанын.
Азан үні шыққанда,
Кетіріп жол тозаңын -

Толық

Қарап көріңіз