Өлең, жыр, ақындар

Елден сәлем

  • 23.03.2019
  • 0
  • 0
  • 1387
(Қазақ өнерінің алғашқы он күндігіне)

Өткен күнде көрген азап,
Көрінгенге болған мазақ,
Октябрьде алған азат
Еркін халық, болған қазақ.
Москваға келдік бүгін,
Ел сәлемін бердік бүгін.
Қуанышты күй домбыра,
Ел жасаған ескі мұра!
Алатаудың асқарынан,
Ағынды өзен тасқынынан,
Жасарған ел жүрегінен
Шыққан отты сәлемімен –
Mоскваға келдік бүгін,
Ел сәлемін бердік бүгін.
Қуанышты күй домбыра,
Ел жасаған ескі мұра
Қуанышпен шырқап өлең,
Шатты күйді тербеп терең.
Көркем өмір сәулетпенен,
Москваға бердік сәлем!
Айнымаймыз сендік жолдан,
Туың бекем түспес қолдан.
Куәлік ет, сен домбыра
Жаңаланған ескі мұра!

1936



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сарыарқа

  • 0
  • 0

Әперші, балам, домбыра
Қаңсытпай күнге шанағын.
Құлағын бұрап жаңадан,
Жаңарта перне тағамын.

Толық

Толғау

  • 0
  • 0

Ердің аты ермен тең,
Ездің аты жермен тең;
Еңіреп туған ер болса,
Ен жайлауы елмен тең.

Толық

Адам

  • 0
  • 0

Мазаны алды
Жел азынап,
Оқтын-оқтын
Құйын соғады,

Толық

Қарап көріңіз