Өлең, жыр, ақындар

Күңшіл ақ кірпік

  • 19.04.2015
  • 1
  • 0
  • 5896
Алты жастан оқып ең, ақ кірпігім,
Не айтар ең, сұраса егер: «не бітірдің?»
«Пәленшелер молдадан оқып жүр» деп,
Жел ауыз боп мақтаған сөзбен жүрдің.

Бақасқа жаның құмар білмесең де,
Мық сөздің бірін дұрыс үрмесең де.
Оқу малды таңдамас, зейін таңдар,
Оздым ғой қуып жетіп күндесең де.

Көзің көк, кірпігің ақ, шашың сары,
Сары шөлмек — азайыпты беттің қаны.
Күндіз білсе, ұмытып түнде онысын,
Мұнша кеще болғаны не қылғаны?!

Шұбарлы жылқың бар ғой семіртетін,
Ішпей-жемей мас қылып еліртетін.
Айдаса жау, ысқырса желдікі ол,
Сүйегін аң мен құсқа кеміртетін.

Сені де жұрт сыртыңнан «молда» дейді,
«Кеудеде иман, дәулеті қолда» дейді.
Қажы барған әкесі Харамайын
«Аталы бай, тұқымы орда» дейді,

Молда атанған жақсы ғой, оқу болса,
Баста зейін, кеудеде тоқу болса.
«Молда» деп, «оқыды» деп кім айтады,
Былтырғыны қайталап шоқу болса.

Меніңше, сендей кеще молда болмас,
Тар кеуде, шымшық басқа оқу қонбас.
Берген перне бұзады — сол үшін ғой,
Дәл сені шын мақтаса, молда оңбас.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Кедей

  • 0
  • 1

Күзгі түн, шөптің басын қырау көмген,
Ызғар шашып, бұлт мынау жерге төнген.
Қараңғы, итпен бірге қой күзетіп,
Мен ояу, ел ұйқыда, оттар сөнген.

Толық

Жан қалқам

  • 1
  • 0

Енді, әрине, мен бір шөп
Қозғалмаймын тіпті көп.
Қозғалмаймын демеймін,
Толқитын енді жерім жоқ.

Толық

Ендігі беталыс

  • 1
  • 0

Кірді ғой түстен кейін тентек ақылы,
Сертімнің бұл өмірлік ең ақыры:
«Адам — құл өзін жеңіп ұстамаған»
Деген бір Сократтың бар нақылы.

Толық

Қарап көріңіз