Өлең, жыр, ақындар

Жалпақ шешей

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2676
Опера ма, драма ма,
Сіз, ол жағын сұрама да!
Я опера, я драма...
Дей сал қоймай сұрағанға!
Бара қалса, орын қалмай,
Өтініші орындалмай,
Қайтып жатты кейбіреулер
Бар болса да, орын болмай.
Бірақ, алда, үш-төрт орын,
Келушінің күтіп жолын,
"Даяшы " әйел бәйек болып,
Бірдей шолып оң мен солын.
Сый қонақтар келсе кіріп,
Басын иіп, қол қусырып:
— "Қош келдіңіз!" — дегелі тұр
Беруге орын, ұшып тұрып.
— Нақ ортада, нағыз алда,
Бұл орындар кімге қалды?
Әлде таныс, әлде басқа?.."
Көзбен көріп, сынау қалды.
Бір кезде есік тарсыл қағып,
Ашылғаннан тұрған бағып,
Даяшылар тұра ұмтылды,
Кірді біреу ырсыл қағып.
Жайын жота, жалпақ шешей
Еркелетіп тілін төсей...
Сөйлей келіп, зорға отырды,
Сонша ардақты, бұл кім десей?
— Ой, админс... ә... трактор..
Мойыныңды сәл бұра тұр! —
Деп құлағын бұрып алып,
Күліп жатыр, сөйлеп жатыр...
Күткен көп те тына қалды,
Сырттан мінеп, сынап алды.
— "Еһе, баздың бастығы екен", —
Деп біреулер біле қалды.
Енді қалған бос орынды,
Көздеп жүріп екеу кірді.
Ішіп алған жігіті мас,
Әйел зорға сүйеп тұрды.
Ол да: администраторға,
Басты да аздап: "тұра тұрға "
"Благодарю!" — деді мойынын
Бұрып барлық театрға...
Көп еткен жоқ, мүлгіп барып,
Бір-екі рет шұлғып қалып,
Қор етті де, пысылдады,
Бос орынға жылжып барып.
Бұлардың да кім екенін:
Көп "достардың " бірі екенін:
"— Я гортопта, я горторгта,
Көрдім бе екен бұл екеуін?" —
Десіп жатты жымыңдасып,
Көптен күбір, сыбыр қашып,
Ойын бітті... жалпақ шешей,
Ол да ұйықтапты қара басып...

1940



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сыныққа сылтау

  • 0
  • 0

Жүгіре жұлқынып тауық келді,
Қуанғаннан шауып келді.
Не болды — деді қаз жайлап,
Сұрауға ұялды қазбалап.

Толық

Ұландағы ұласқан той

  • 0
  • 0

Қаламымның қадамы ұзын
Шолды тағы Ұланды бір.
Өткен жылы айтылып еді,
Болмаса да ұнамды жыр.

Толық

Сыбырлақ пен жыбырлақ

  • 0
  • 0

— Шешей-ау, шешей,
Берірек келсей!
— Не боп қапты, Есей!?
— Сұмдық есіттім, шешей!

Толық

Қарап көріңіз