Өлең, жыр, ақындар

Сиқымбай

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1016
Сылтауы көп Сиқымбай,
Шашылған желмен қиқымдай,
Жүргені ылғи болбырап,
Өз орнында бір тұрмай,
Қыс түскенде қиналып:
— Жетіспей қалдық жиналып,
Қыстау қалды шала боп,
Жоққа істейтін шара жоқ,
Пішен қалды үйілмей,
Көлік бар да, шана жоқ, —
Мал ығып жүр аязда,
Қорғалайтын пана жоқ.
"Қап, бәлем бе, осыдан
Көктем шықсын!" — дей - дей.
Шашты ағартып тұрғаны,
"Қыстың қамын жей - жей ".
Көктем шықса, мұз кетіп,
Соқа-сайман іздетіп,
Бірін тапса, бірі жоқ,
Бірінен-бірі ірі боп:
"Қыстың қамын біз енді,
Жаз істейміз", — дей - дей,
"Қудай қойса сиырға,
Баз да істейміз!" — дей - дей,
Шашты ағартып тұрғаны
"Малдың қамын жей - жей ".
Сөйтіп жүріп жаз өтіп,
Жұмыс шала бітеді,
Жазда істейтін жұмыстар,
Күзде істеуді күтеді.
Күз түскенде жаңбырлы
"Жер құрғасын!" — дей - дей,
"Мына адыра қалғырды,
Сөз қылмасын!" — дей - дей,
Майда-шүйде жұмыспен,
Күнде суыт жүріспен,
Қыс қайтадан жетеді,
Күз де сөйтіп өтеді...
Қысылғанда, қыс түсіп,
Келер жазды күтеді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұлбұлдың аты — бұлбұл

  • 0
  • 0

БҰЛБҰЛДЫҢ АБір биік талға,
Қонып алып қарға,
Қанатын сілкіді,
Қарқылдай - қарқылдайТЫ — БҰЛБҰЛ

Толық

Тоқылдақ пен тиін

  • 0
  • 0

Тоқылдақ дейтін құс бар,
Жаз бар, қыс бар,
Бір күн тыным таппайды.
Түнде де жатпайды,

Толық

"Сияқтылар" сияқты

  • 0
  • 0

Жиын,
Дауыс,
Уда шу.
Қарсы алды жұрт Тұяқты.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар