Өлең, жыр, ақындар

Өткенін өксіген адвокат

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1372
Ақаң байғұс қартайып қалыпты,
Тірсегі майысып талтайып қалыпты.
Бұрынғы сұлу құрықтай мойын,
Сүмбідей түзу, шыбықтай бойын
Жаза алмай түзу, құрысып қалыпты.
Беті де тозып тырысып қалыпты,
Мойылдай мұрты қияқтай еді,
Сұп-сұлу жігіт сияқты - ақ еді,
Көзі де өткір ойнақтап тұрды,
Отызға дейін бойдақ боп жүрді.
Атжақты келген қызыл шырайлы,
Кішіпейіл, сөзі де райлы,
Ең алғаш елге сот болып келді,
Заңды қорғағыш от болып келді.
Ақ бас сөйтіп "Ақаң " атанды,
Сол көзін айтсаң көзіне жас алды.
Жүйрік те мінді, сұлу да сүйді,
"Қызарған жаққа " қырғидай тиді.
Бірін алып, бірін тастады,
Сөйтіп Ақаң бұзыла бастады.
Арақ-шарапты судай сапырды,
Азулы кезде арыстандай ақырды,
Күндерден күн өтіп жатты,
Өткенге салауат кетіп жатты
Ақаң енді "Ақ бас та " атанды.
Бірте-бірте қақбас та атанды.
Сомпиып бір күн соттықтан қалды,
Жалындап жанған оттықтан қалды.
Айналып келіп "адвокат " болды,
Оқ салмай атылатын "автомат "болды.
Жастарды жатып сынайтын болды,
Өткенін айтып жылайтын болды.
"Баяғыда біз қандай едік,
Қызметкердің маңдайы едік,
Атақты судья Ақбас атандық,
Енді мынау "қақбас " атандық.
Кешегі өңкей сопляктар,
Түк түсінбейтін ақымақтар,
Біздерді билеп төстейтін болды,
Үстімізден түспейтін болды ",
Арғы - бергіні боқтайтын болды,
Өткенін өксіп жоқтайтын болды.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Көктемгі көріністер

  • 0
  • 0

Майдың майда лебін сүйіп
Жаздың сұлу жапырағы,
Гүлге бөлеп айналаңды,
Бұлбұлы әнмен шақырады.

Толық

Жантық пен жантақ

  • 0
  • 0

Жайқалған егін түбінде
Жантық шөп өсті жасырын.
Сотқарлық түк жоқ түрінде
Момақан, жымсық пақырың.

Толық

Қуанышты күңкіл

  • 0
  • 0

— Қатын,
— Есіттің бе сен?
— Немене?
— Тыңда, айтайын мен.

Толық

Қарап көріңіз