Өлең, жыр, ақындар

Ақпаршыларға ашық хат

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1413
Өтірік айтқыш кейбіреу
Өтірік айтар кезінде,
Үстін-үстін жөтеліп,
Жарты құшақ ақпарды,
Әкеледі көтеріп.
Өтірікке кеткендей,
Айта-айта еті өліп,
Шылп етпестен соғады,
Алғандай әбден төселіп,
Солардың кері келмесін,
Совхоздағы Бөкенов.
— Қайдан, қашан орарын,
Шабындығың қай жақта,
Білмейсің соны Бөкенов,
Бар болса осы аймақта,
Орамыз ғой дейсің де,
Жөнелесің сайрап та.
"Октябрь " де осы күй,
Жинақты жатыр ақпары.
Тасқа таңба басқандай,
Ауданға жазған хаттары.
Өткен қыстың ұмытқан,
Жанына қатты батқаны.
Ұят - ау тіпті бұлардың
Жайбарақат жатқаны.
"Ақ арықта " айқай көп,
Шабуыл бар баяғы,
Не боларын сезбейді,
Бос шабудың аяғы.
"Орындаймыз " дегенде,
Сырдың аяқ - баяғы,
Дүрлігеді даусынан,
Жөндеуі бірақ біткен жоқ.
Өткен жылда оларды
Шабатын шөп күткен жоқ.
Сонда да мынау бастықтың
Санасына жеткен жоқ.
"Қырық жылдықта " Тасымов,
Көтеріліп басылып,
Ақпарына әлі жүр,
Әупіріммен асылып.
Шөп шабатын машина,
Әр жақта жатыр шашылып.
Бөлшектері фермаға,
Болар емес тасылып.
Ауданда тұр жетеуі,
Оған ешкім асығып,
Барған емес биылға,
Ақпар тұр оны жасырып.
"Қызылсуда " бастықтар,
Байытып тұр сөзбен - ақ.
Қыс боларын әрине,
Өткен жылы сезген - ақ.
Сонда да болса: "күз туса,
Шабамыз ғой іздеп-ақ " —
Дейді кейбір жолдастар,
Ақпарына "100-ді" орап,
Процентке шағады,
Осы бастан бірден - ақ.
Бара қалсаң аудандық
Мекемелі санаққа,
Бәрі түгел дап-дайын,
Шыға сыймайсың санап та.
Машиналар жұтынған,
Тұрғандай дәл парадқа.
Волокушка дегендер,
Мініп алған қанатқа,
Ұшатындай болып тұр,
Сай болып жаңа талапқа.
Тырмалар тұр тырулап,
Пішендік жетіп танапта...
Ал, бірақ, көбі бос цифр,
Жазылған қағаз — парақта.
Кейбір цифр "мас боп тұр ".
Батырғандай араққа...
Азаматтар аудандық,
Басқарушы — басқарма.
Ұят қой қарау тексермей,
Жазылған жалған жоспарға.
Айтыңдар, тіктеп онан да,
Цифршыл, жылпос достарға.
Жем-шөбін малдың ойламай,
Жаз ортасы асқанда,
Судыраған қу сөзбен
Сүйенбесін ақпарға,
Осыны еске салушы
Ашық хат арнап жазушы,
Айтарсыз алғыс ағаңыз —
Құрметті жолдас Асқарға!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жеңілді сүйгіш жеңгейлер

  • 0
  • 0

Белгілі Беке ағаның Нәзігүлі,
Жоқ екен табелінде еңбеккүні.
Бухгалтер қондырыпты аздап еңбек
(Бұл бірақ биыл емес өткен жылы.)

Толық

Екі нөл

  • 0
  • 0

Қағазда жортып қаламы,
Алмайды бір сәт дамылды.
Ақпармен шарлап қаланы,
Қағады күнде дабылды.

Толық

Масылбай

  • 0
  • 0

Қыс қылышын сүйретіп,
Жалт еткенде жасылдай,
Жастықтан басын көтерді,
Амалсыздан Масылбай.

Толық

Қарап көріңіз