Өлең, жыр, ақындар

Алла-әкпардың аяғы

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1007
Қойдың семіз бағыланы —
Сойылса тек болғаны.
Алаяқ жауыздың да,
Айтатыны бір-ақ сөз:
Түйе жұтқан түгімен ауыздың да,
Айтатыны бір-ақ сөз,
Ол баяғы: "алла-әкпар!"
Жанын жалдап бір тиын —
Алса - дағы біреуден,
Байқаусызда есінен,
Таңса - дағы кенеттен,
Арқасына бір пәле,
Таңса да бір себеппен,
Айтатыны: "алла-әкпар!"
"Самиғұлла саған " деп,
"Бір жүз грамм маған " деп.
Жұтса - дағы Құдай құл,
Бес-алты сом картадан,
Ұтса - дағы Құдай құл,
Мүсәпірді қорқытып,
Пара алса да жасырын,
Кісәпірге тал - түсте,
Тоналса да кәпірің,
Айтатыны: "алла - әкпар!"
Еңбек етпей алдаумен,
Ет жесе де білдірмей,
Құпиялап қой сойып,
Ептесе де сездірмей,
"Құлағұзы — біраббы,
Өзің жеткіз раббы " —
Деп айтса да молдекең,
"Огалайһі — тұржағұн "
Бұқпантайлап ар жағын.
Күле айтса да молдекең,
Дым көрмеген адамдай,
Мойнына мінер: "алла-әкпар!"
Кейде жылжып жыландай,
Қойныңа кірер "алла-әкпар ".
Алла менен әкпардың
Жүрмейтұғын жері жоқ,,
Саңлау тауып, сайтандай
Кірмейтұғын жері жоқ,
Намаз оқып құранды,
Қайырса да: "алла-әкпар ".
Бір дастархан алдына
Жайылса да: "алла-әкпар".
"Қырылды " десе біреуді,
Айтылады: "алла-әкпар ".
"Тірілді" десе біреуді,
Айтылмайды: "алла-әкпар".
"Соғысты " десе екі жұрт,
Айтылады: "алла-әкпар ".
"Тынысты " десе екі жұрт,
Айтылмайды: "алла-әкпар".
"Бердім " десе бес сомды,
Айтылады: "алла-әкпар ".
"Алам " десе бір сомды,
Айтылмайды: "алла-әкпар ".
Алла-әкпардың аяғы,
Белгілі ғой баяғы...
Құдайқұлдың аузында,
Күні-түні "алла-әкпар"
Сонысында бір гәп бар...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тоқылдақ пен тиін

  • 0
  • 0

Тоқылдақ дейтін құс бар,
Жаз бар, қыс бар,
Бір күн тыным таппайды.
Түнде де жатпайды,

Толық

Құлқында жатқан құпия

  • 0
  • 0

Қиыр сонау алыстан,
Ауданда бір таныстан,
Жақында маған хат келді,
Арнаулы кісі ап келді,

Толық

Жиналыстан кім қалыс

  • 0
  • 0

Абыл - құбыл Асанов келді,
Жиналыс бітуге тақалып келді.
Сырттың қызуы ма,
Іштің қызуы ма?

Толық

Қарап көріңіз