Өлең, жыр, ақындар

Мезгіл жетті сілкетін

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1062
I
Жылтыр шеке молданың,
Тырсылдайды десбісі.
Маңырайды олжаның
Байлап берген ешкісі.
Ешкі даусы қақылдап,
Шыққан сайын молдекең:
"Сонша байғұс қақылдап,
Не оқиға болды екен?
Әлде біреу келді ме?
Әлде біреу өлді ме?
Үйге біреу кірді ме?
Ешкі соны көрді ме?"
Асасын бір құлатып,
Етпей онша даңаза!
Көзін жұмып, бір ашып:
"Әссәләто жаназа!"
Дейді - дағы тыңдайды,
Екі көзі есікте.
Сірә жағы тынбайды,
Сырттан дыбыс есітсе.
Селт етеді. Есегі,
Әңгіленсе ақырып.
"Келеді екен" деседі,
"Мені біреу шақырып".
Қара құмған қолында,
Сыртқа шықса молдекең.
Қара күшік соңында
Шәуілдейді, "Ол не екен?"

II
Май қатыпты молданың,
Бүгін ұрт пен мұртына,
Жаңа келді Әлтайдың,
Кеше барып "қырқына",
Сандықтағы сәлдесін
Салып қойған ескіріп.
Орайтынды шығарды,
Кейде молда кешкілік.
"Таста мынау бәлеңді,
Көрген жұрттан ұятты.
Жазда тары қуырған,
Кір былғауыш сияқты!" —
Десе кейбір құрдасы,
Кір сәлдесін тықпалап,
Бөктерінде дорбасы,
Шығып жүрді бұқпалап.

III
Бүгін қатты жыбырлап,
Өндіршегі қышып тұр.
Құлағына сыбырлап,
Көзін біреу қысып тұр...
Қара мысық кірсе де,
Топса кетсе сықырлап,
Сыртта төбет үрсе де,
Біреу келген сықылды - ақ.
"Иманбайдың жетісін,
Түгін қоймай талайды.
Таңдайлары тақылдап,
Підиясын санайды.
Көре қалсаң мөлиіп,
Біздікі: "алла деу ғана".
Басын төмен көп иіп:
"Ептеп теріп жеу ғана".
Дейтін кәрі сілімтік,
Арамызда бар әлі.
Тозған ескі өлімтік,
Бізбен қайда барады?
Осыны бір ойланып,
"Өйтетін де, бүйтетін" —
Алдаушыны қолға алып,
Мезгіл жетті сілкетін.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Аванс

  • 0
  • 0

Емес сөзді іздесем көпке таныс,
Аузыма кеп түседі, тек "аванс".
Ондағы мәніс,
Ертең дем алыс...

Толық

Ділда мен молда

  • 0
  • 0

Молдекеңнің маңдайы,
Май жаққандай жылтырап,
Шапанының шалғайы
Жер қапса, шаң бұрқырап,

Толық

Честное слово

  • 0
  • 0

Бетіңе қарай, күлімдей келеді,
Күле қарасаң, күлімдей береді,
Майпаздап жүріп, мәпелеп сөйлеп,
Жыландай жылжып, білінбей келеді.

Толық

Қарап көріңіз