Өлең, жыр, ақындар

Қағазбен орылған шөп

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1246
Қағазда жортып қаламы,
Алмайды бір сәт дамылды.
Ақпармен шарлап қаланы,
Қағады күнде дабылды.
Аттанып ылғи цифрлы із
Тізеді қатар тіресіп.
Хатшы бір сондай сылқым қыз,
Тұратын еңбек күні өсіп.
Ол жатты шөптің басында,
Шабындық қайда, — көрген жоқ,
Хатшы қыз, "актив " қасында
Ол оған ойды аз бөлген жоқ.
— Жаз! — дейді хатшы сылқымға,
Жазылып, демде қалады,
Жан бітіп әлсіз цифрға,
Қанатын демде қағады.
— Аттандыр! — дейді ауданға,
Болмаған ертең болады
Жолдыбай көкең тұрғанда,
Кругом жүзге толады.
Деп қысса болды сол көзді,
Бүлк етсе болды мұрт жағы.
Байқағыш хатшы ол кезді,
Қимылдан біледі ұрттағы.
Түсінген әбден құныққан,
Қутыңдап қалған шұнақ қыз.
Сезеді кейде миықтан,
Дегенді: "өмір, бірақ сыз".
Күніне қаптап көп цифр,
Тартады шеру ауданға,
Десте жоқ шөпте тып-типыл,
Бір мая жатыр әр жонда.
Күніне оңға, солға да,
Ағылып ақпар шабады.
"Алдағы жылғы қорға да,
Қойдық " деп дабыл қағады.
Ерніне салып насыбай,
Шолжақтап айтса болғаны,
Бар көптің өзін тасымай,
Қалғаны — құдай ұрғаны
Тексеру болса: "жиналмай
Жатыр " деп сылтау табады,
Қалмайды қыста қиналмай,
Көршіге қарай шабады.
Бар әлі мұндай Жолдыбай,
Қағазбен шөпті оратын,
Орнынан жұмыс жылжымай,
Жыл он екі ай тұратын.
Екі нөл қосын таяққа,
Шығарғыш демде жүз етіп,
Қыс түссе мініп аяққа,
Малдары таңды күзетіп. —
Шөп емес сояу шайнайды!
Жолдыбай жатыр жастықта.
Мал қамын қашан ойлайды,
Кім бұл өзі бастық па?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Б... жолдасқа

  • 0
  • 1

Қою емес, шырағым сұйықсың-ау,
Шындық жаққа келгенде тұйықсың-ау.
Астаң-кестең етер ең "ә" дегенше,
Бір демеушің бар болса иықтылау.

Толық

Көбелек пен тұйғын

  • 0
  • 0

Тұйғын бір күн көрді де,
Көбелекті шырлаған,
Гүл қуалап, шуақтап
Көктем жырын жырлаған.

Толық

Кенжетай мен Жеңгетай

  • 0
  • 0

— Кенжетай! — деді Жеңгетай, —
Сен, осы бойдақсың ба?
— Бойдақпын.
— Қызын көрдің бе Қой бақтың?

Толық

Қарап көріңіз