Өлең, жыр, ақындар

Дей-дей...

  • 05.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1139
Сылтауы көп Сиқымбай,
Шашылған желмен қиқымдай,
Жүргені ылғи бобырап,
Өз орнында бір тұрмай,
Қыс түскенде қиналып:
— Жетіспей қалдық жиналып,
Қыстау қалды шала боп,
Жоққа істейтін шара жоқ,
Пішен қалды үйілмей,
Көлік бар да, шана жоқ —
Мал ығып жүр аязда,
Қорғалайтын пана жоқ.
"Қап бәлем - ай осыдан
Көктем шықсын!" — дей - дей.
Шашты ағартып тұрғаны,
"Қыстың қамын жей - жей ".
Көктем шықса, мұз кетіп,
Соқа-сайман іздетіп,
Бірін тапса, бірі жоқ,
Бірінен бірі ірі боп:
"Қыстың қамын біз енді,
Жаздай істейміз " — дей - дей,
"Қуда қойса сиырға,
Баз да істейміз!" — дей - дей,
Шашты ағартып тұрғаны,
"Малдың қамын жей - жей ".
Сөйтіп жүріп жаз өтіп,
Жұмыс шала бітеді,
Жазда істейтін жұмыстар,
Күзде істеуді күтеді.
Күз түскенде жаңбырлы,
"Жер құрғасын!" — дей - дей,
"Мына адыра қалғырды,
Сөз қылмасын!" — дей - дей,
Майда-шүйде жұмыспен,
Күнде суыт жүріспен,
Қыс қайтадан жетеді,
Күз де сөйтіп өтеді..
Қысылғанда қыс түсіп,
Келер жазды күтеді.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Епшілер

  • 0
  • 0

Мақтанышпен бәрі атайды
Әлжанова Қамзетайды.
"Ең атақты сауыншымыз, —
Білеміз, — деп, — ол апайды".

Толық

Кітапхананың арызы

  • 0
  • 0

— Ауданда біз шет тұрамыз,
Кейде жым-жырт боп тұрамыз.
Жел шамалы ызың етсе,
"Бізге келеді" — деп тұрамыз.

Толық

Шеге мен балға

  • 0
  • 2

Кім білген оның неге екенін,
Балға шегенің шеге екенін
Біле тұра сұрады:
— Неге ылғи бір орнында тұрады?

Толық

Қарап көріңіз