Өлең, жыр, ақындар

Тамаша ғой өмірдің өрімдері

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1848
Рауза Ақтайқызы Жәмікова - Төкеноваға

Адамдар!
Емеспіз ғой түскен көктен,
Жандармыз жерде туып, жерде ержеткен.
Қарызын Жер-ананың өтеу үшін,
Болармыз маңдай терді талай төккен.
Ол өзі өз алдына көп терең сыр,
Арналар бұған талай келешек жыр.
Бүгінгі бір ғажабы менің үшін
Есіме естелік боп оралған жыл.
Қолымда кеше ғана іңгәлаған,
Немере сүйдім бүгін Раузадан.
Қанаты неткен ұшқыр жылымыздың
Рауза әже, мен қартпын тұмаураған.
Шүкірлік! Бұ да бақыт, үлкен бақыт!
Ризамын қуанышты ет, уақыт.
Немерем мен шөберем арсалаңдап
Өлеңдете берейін фонтанша атып.
Ыстық кермес жалғанда жиенін кім?!
Ыстық көрмес жиеннің күйеуін кім?
Сен сүйген Әкімжанды мен де ардактап,
Бөбек күнгі өзіндей сүйе білдім.
Өмір — көш,
Адам—тұлпар жегіндегі,
Өмірде болмайды оның шегінбегі.
Өсу, Өну,
Өркендеу буын-буын —
Тамаша ғой өмірдің өрімдері.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Тұрсынбек

  • 0
  • 0

Ассалаумағалейкум, тақсыр өлең!
Жаны жақсы жандарды жақсы көрем.
Тоқсанымда толқынған жан сырымның
Тұрсынбекке бір шоғын тапсыр, өлең.

Толық

Жұмағали Саин

  • 0
  • 0

Біреудің шырағына күл төгетін—
Кір жоқ ед жүрегінде бүркенетін.
Жүзіндей ақ семсердің тайсалмаушы ед,
Туралық қажет етсе сілтенетін.

Толық

Азамат ақын — ақ ниет

  • 0
  • 0

Нұрлы Нұрлан қарағым,
Аққу жанды адалым,
Жайлы жорға қаламын
Мүдіртпес болсын қадамың! —

Толық

Қарап көріңіз