Өлең, жыр, ақындар

Парасат

  • 09.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3074
Серік Қирабаевқа

1
Серік-ау!
Келіп қапсың жетпісіңе,
Жетпісті «кәрілік» деп ескісінбе!
Алдында ағасы бар інілер — жас...
Еселі Өмір алда естісіне!
Қазақтың кешегі бір жас перзенті —
Бүгінгі саналы ойдың бас перзенті.
Арманы жүрегіңнің көркем сөз ед...
Ғасырдың сен бір бүгін паш перзенті!
Сүйсінем;
Қызығамын мінезіңе,
Сүт жүрек,
Сүйкімділік бір өзінде.
Ну орман көкірегің коп жемісті...
Кең, тыныс,
Келісті ой — әр сөзінде.

2
Серік кім?
Кең өрісті, өрелі Ұғым,
Жанашыр, тура айтатын төрелігін,
Көркем сез әулетінің бағбаны,
Шығымды, шығымсызды көретұғын,
Талғамдап, таразылап беретұғын.
Егер бір шығарманың айтса мінін,
Жалтақсыз жанашырлық—
Адал ұғын!
Қазақтың көркем сөзі қазынасы
Аударып алмас үшін асыл жүгін.
Барыңды,
Жоғыңды да көре білген—
Парасат!
Тереңнен сыр тере білген.
Шырынын шығарманың сиқырламай,
Ақылшың,
Өрнегіңе төне білген.
Қалыспас қатарынан Әлиясы —
Ғылымның өміршең бір дариясы.
Егізі жүрегінің сәуле үстейтін
Таланттың тәлімді бұл жанұясы.
Бұлардың ғалымдығы сондықтан да
Таңданба күннен-күнге
Молыққанға.
Сырласу,
Үлестесу,
Армандасу
Қуаныш сезім құяд жолыққанда.
Уа, Серік!
Ризамын қаламыңа,
Ризамын талғамды талабыңа.
Адал,
Әділ,
Жанашыр ой-пікірің
Сенемін жататынын бағалыға.
Тілеймін зор денсаулық, жемісті еңбек,
Білеміз—
Өмірге жоқ екі келмек.
Кірлетпей көңіліңді сілтене түс,
Жылдарға
Жең сыбанып, «келсең кел!»—деп.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Мен жүрекпін тірлік үшін соғатын

  • 0
  • 0

Мен — еліммін,
Мен — қазақпын, ақ жанмын,
Анашымның ақ сүтіне адалмын.
Жарық дүние, жаннатыңа іңгәлап,

Толық

Махаббатсыз өмір тұлын білген жөн

  • 0
  • 0

Айтолқын! — деп, ат қойып ем. Бойдақ ең.
Минутына мың қарасам тоймап ем.
Қосты тағдыр бізді ақыры, о тоба,
Айтшы бүгін, сонда сен не ойлап ен?

Толық

Уақыттың естісіне мың алғыс!

  • 0
  • 0

Атынды атай алмай
«Айбек»—дедік,
Нақақтан есіміңе
Айбат шегіп.

Толық

Қарап көріңіз