Өлеңдер бөлімі

Болашақ жарыма

Түн уағы. Тағы да сізді ойлаймын
Сезім тереңіне ерік беріп бойлаймын
Жүрегімнің жартысы бір өзіңіз
Сізге арнап жыр жазуға тоймаймын

Сіз дегенде жүрек шіркін тулайды
Ой-қиялым арманымды қуалайды
Ғаламтордан көрген сол бейнеңіз
Еш себепсіз ойымды дуалайды.

Күндіз-түні бар ойым өзіңізде,
Есімде жымың қаққан жүзіңізде,
Балқытар тылсым ғана бойымды,
"Күнім" деген сөзіңізді естігенде

Сіз деп менің жүрегім дүрсілдейді
Сізден басқа ешбір жанды елемейді
Жүрек, шіркін бір өзіңізді
Басқа жігіттердің біріне теңемейді.

Сіз бен мен аспандағы күн мен аймыз,
Сіз айға, ал мен күнге ұқсас жандаймыз,
Күндіз мен сізді сарыла іздесем,
Ал түнде сіз іздеуді бастайсыз.

Қызық, иә, өте қызық бұл өмір ғой
Сіз-ол жақта, ал мен бұл жақта
Сонда да көңілімді түсірмеспін
Бі рге болуды жазған шығар біздің басқа

Басыма құдай берген бағымсыз,
Кеудемдегі жүрегімнің жартысысыз
Таңертең тәтті ұйқыдан оятар
Болашақта құдай қосар жарымсыз
26.02.2019 жыл


Басқа да өлеңдері

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Серіктестер

Загрузка...