Өлең, жыр, ақындар

Қандай

  • 19.04.2015
  • 1
  • 2
  • 18854
Туғандар, жүрген қандай, жатқан қандай,
Жатқан сайын жамбасқа батқан қандай?
Ақ нұрды жарқыраған от деп ұғып,
Білмей жатып таспенен атқан қандай?

Тағы да жүрген қандай, тұрған қандай,
Көңілді заманаға бұрған қандай?
«Сақта» деп қозғалмастан жата беріп,
Шалшықтай күнге қызып құрыған қандай?

Ұмтылып ілгері аяқ басқан қандай,
Пән оқып, тараққиға* асқан қандай?
Басқалар жанын салып ұмтылғанда,
Басымыз шоршып түсіп, қашқан қандай?

Өнерге іші-тысы толған қандай,
Ішінде жаһалаттық* солған қандай?
Жиырма жыл медреседе дауам етіп,
Қапшығы садақаның болған қандай?

Сәлдені оқшырайта киген қандай,
Сүзіліп басты төмен иген қандай?
Алатын тоқты-торым кеми ме деп,
«Батыл»* деп ақиқатқа тиген қандай?

Пітнені үсті-үстіне үйген қандай,
Миллеттен он тиынды сүйген қандай?
Қан қайнап бұл халдердің баршасына
Дәрменсіз дертті болып күйген қандай?

* Тараққи (арабша) — даму, ілгерілеу деген сөз.
* Жаһалат (арабша) — надан деген ұғымды білдіреді.
* «Батыл» (арабша) — өтірік деген сөз.



Пікірлер (2)

Мухамедали

Бұл өлең өте керемет!

Мухамедали

Күшті

Пікір қалдырыңыз

Асыл сөз

  • 1
  • 1

Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап, тоқы көңілге.

Толық

Орнымыз медресе оқып жатқан

  • 1
  • 1

Орнымыз медресе оқып жатқан,
Талайлар оқу оқып өнер тапқан.
«Аз-көп» деп, бергеніңді молда сөз ғып,
Әуелден ресім жоқ ғылым сатқан.

Толық

Балалық күн

  • 1
  • 3

Балалық, сенен артык күнім бар ма,
Бала күнде бойымда мінім бар ма?
Бәріне жетем деймін, алам деймін,
Жас қиялда тоқталып, тыным бар ма?

Толық

Қарап көріңіз