Өлең, жыр, ақындар

Кім кінәлі?

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3776
Бапақ шықты тақтаға,
Көздегені «бес» еді.
Жазды есепті мақтана
Үйге берген кешегі.

– Шығармапсың ойланып,
Дұрыс емес мынауың.
Жүрдің бе не, қой бағып,
Екі! – деді мұғалім.

Бапақ түсіп кекілі:
– Қиянат қой оныңыз.
Маған емес,
Екіні, –
Деді, – Бекке қойыңыз!

Кеше ойнап күнімен,
Шығып кетіп есімнен,
Жаңа Бектің мұны мен
Дәптерінен көшіргем...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Алдар Көсе

  • 0
  • 0

– Ау, Бапақжан, бұл қалай,
Қой дегенге тыңдамай,
Өтірік айта бересің,
Кімге ұқсап келесің?

Толық

Құмырсқа

  • 0
  • 1

Құмырсқам-ай, құмырсқа
Тоқта, бір сәт, тыныста!
Зыр жүгіріп барасың,
Асықтың ба жұмысқа?

Толық

Таубай

  • 0
  • 0

Бәтеңкесі бір күнде
Жыртылады, пай-пай.
Балшық кешіп, ішінде,
Су тұрады, пай-пай.

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар