Өлең, жыр, ақындар

Шыбындар

  • 23.04.2019
  • 0
  • 0
  • 3528
Қабырғаны жағалап,
Қуалаймыз сабалап.
– Шыбындар, нас, кірсіңдер,
Мұнда неге жүрсіңдер?!

Бір қап кір бар аяқта,
Жабысасың аяққа,
Қонасыңдар етке де,
Танау менен бетке де.

Ызыңдамай кетіңдер,
Терезе ашық, өтіңдер.
Кір аяқ, нас шыбындар,
Өлмей тұрып, шығыңдар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Боран

  • 0
  • 1

Қар жауды да қыс кіріп,
Ақ көрпемен орады.
Әбжыландай ысқырып,
Долы боран соғады.

Толық

Бес саусақ

  • 0
  • 0

Ал санайық санамақ,
Саусақтарға қарап ап
Кәне, кәне, санайық,
Санын біліп алайық?

Толық

Мамыр әні

  • 0
  • 0

Күн төбеге асылды,
Май шапағы шашылды.
Қызыл гүлдер, ақ гүлдер
Қауызынан ашылды.

Толық

Қарап көріңіз