Өлең, жыр, ақындар

Әттеген-ай

  • 24.04.2019
  • 0
  • 1
  • 8134
Ойнадым, ойнадым,
Ойынға тоймадым.
Шегім де бұралды,
Сонда үйге оралдым.
Мен жоқта үй іші
Екі рет шәй ішіп,
Тамағын пісіріп,
Табаққа түсіріп,
Өздері тойыпты,
Маған аз қойыпты.
Ет екен демедім,
Өкпелеп жемедім. Ал апам күлді де,
Майлы шек, тілді де
Қалдырмай жеп қойды,
— Тәтті екен!— деп қойды.
Өйтерін білмедім,
Өйтерін білгенде
Өзім-ақ жейтін ем,
— Аз емес!— дейтін ем!



Пікірлер (1)

Нурланова адима

Кадр али мырзаның олен тапак тары тағыда басқа бар.маган кадр мырза алинин олеи унады аты атеген ай деп аталады.

Пікір қалдырыңыз

Соғыста да

  • 0
  • 0

Соғыста да,
Бейбіт кез жаншылықта
Біз буынбыз заманға сай шыныққан,
Ащы менен тұщыдан тұрады өмір,

Толық

Күз

  • 0
  • 1

Жайып салып алдыңа қалағанды,
Жемісті күз кезінде келе қалды.
Жоқ еместің бәрі бар қоржынында,
Жаратпайды бірақ ол тонағанды.

Толық

«А»

  • 0
  • 0

— Ата, зейін салдың ба?
Бар әріптің алдында
Неліктен «А» тұрады?—
Деп бір күні сұрадым.

Толық

Қарап көріңіз