Мен жастарға сенемін

  • kz2015
  • 19.04.2015
  • 1
  • 28
  • 61020
Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Көздерiнде от ойнар,
Сөздерiнде жалын бар,
Жаннан қымбат оларға ар,
Мен жастарға сенемiн!
Жас қырандар – балапан,
Жайып қанат ұмтылған.
Көздегенi көк аспан.
Мен жастарға сенемiн!
Жұмсақ мiнез жiбектер.
Сүттей таза жүректер.
Қасиеттi тiлектер –
Мен жастарға сенемiн!
Тау суындай гүрiлдер,
Айбынды алаш елiм дер,
Алтын Арқа жерiм дер,
Мен жастарға сенемiн!
Қажу бар ма тұлпарға,
Талу бар ма сұңқарға,
Иман күштi оларда,
Мен жастарға сенемiн!...
Алаш айбынды ұраны,
Қасиеттi құраны,
Алаштың олар құрбаны,
Мен жастарға сенемiн!
Мен сенемiн жастарға.
Алаш атын аспанға
Шығарар олар бiр таңда,
Мен жастарға сенемiн!

Басқа да өлеңдері

Бөбектің тілегі

  • 1
  • 0

Тоқтышағым, тоғыз тап,
Саулық қойым, сегіз тап,
Сегізін де семіз тап.
Құла бием, құлын тап,

Толық

Бостандық

  • 1
  • 2

Жер жүзін қан басқанда,
Көбігі шығып аспанға,
Жын жолдас боп адамға,
Туралық, теңдік ұмытылып,

Толық

Сағындым

  • 0
  • 53

Абақтыда айдан, күннен жаңылдым,
Сарғайдым ғой, сар даламды сағындым.
«Қарашығым, құлыным!» деп зарлаған
Алыстағы сорлы анамды сағындым.

Толық

Пікірлер (28)

Кунсулу

Керемет екен!

тилегенҚырмызы

Маған Мағжан жұмабаиыбтынолендерикерек

Арнұр

Мағжан Жұмабаевтың суретіне немесе атына бассаң өлеңдері шығады

Малика Шекенова

Өте жақсы керемет қазіргі жастарға арналған

Айдана

керемет қазақ үшін жанын берген жастарға сеним берген өлеңдері керемет

1452

керемет олен маган катты унады

Сезім Жөгібаева

Өте керемет екен!!!!!!!

Самат Турмукан

оте жаксы асер береды кушты

каблет

керемет

Ешмат нурдаулет

өте жаксы жазган болашақ жастарга сеным артып бз жастарды рухтандырып шабыт алуға улкен комек,

Жанель

Нағыз жастарға рух беретін,жастарды қолдайтын өлең.

Ақниет

өлеңдер керемет

Ақниет

Мағжан Жұмабаевтың өлеңдері керемет

Ханшайым

Өте тамаша

Маншук

Оте керемет...

Бақтияр

Өте керемет шабыт,рух беретін өлең екен

Гулбану

Керемет Мағжан ағамыздың сеніміннен шығайык жастар

Аймауыт

өлең керемет екен
ақының өлеңінен
үлгі алыңдар

Айдана

Керемет! Үмітін ақтауымыз керек емес пе? Тырысайықшы жастар ХХІ ғасырдың жастары үлгілі болайық

Алина

осы өлең маған қатты ұнайды! мағынасы керемет

Балнұр

Тамаша

Даяна

Өте керемет өлең! Тамаша! ☺

Гулсина✌

Оте керемет. Бирак Маган осы олен туралы Маган Астана хат керек болып тур.Тауып Бере аласыздарма.Отинемин сиздерден.Барша казак халкы. Сау болиниздар!

Асылбек

Керемет өлең

Томирис

Мағжан Жұмабаев сол заманның өзінде жастарға сенім артып болашақ жастардың яғни біздердің қолымызда екенін түсіндірген!Керемет!Жасасын Алаш зиялылары!

Райхона

Маған бұл өлең өте қатты ұнады

Зархым Алтынай

Өте керемет өлең!Болашақ біздің қолымызда екенін өте жақсы айтқан.

Пікір қалдырыңыз


nationalgeographic.kz
ҰБТ(онлайн тест)