Өлең, жыр, ақындар

Төгілгенмен көкіректе күй тасып

  • 29.04.2019
  • 0
  • 0
  • 1974
Төгілгенмен көкіректе күй тасып,
Өтпеді өмір көңілменен ұйқасып.
Жүріппін мен бақшасында арманның
Түбі тесік шелекпенен су тасып.
Жатпаймын мен ел алдында ақталып,
Бірақ тірлік шымбайыма батты анық:
Су ғана емес,
Тесігінен шелектің
Еңбегімнің көбі бекер кетті ағып.
Мына жайлау,
Мына байтақ даламдай
Атам жомарт,
Әкем мырза,
Ағам бай.
Бірақ та мен қысыламын
Ең арзан
Сыйлықпенен тойға келген адамдай.
Үлкен,
Үлкен болашақтың талабы,
Зор талапқа лайық нем қалады?!
Соны ойласам,
Мұң ба?
Шер ме?—
Бірдеңе
Жүрегімді шымшып-шымшып алады!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Балдыз бен жезде

  • 0
  • 0

Көргенменен кезінде далам азап,
Анам азат бүгінде,
Ағам азат.
Балдызымен ойнауды

Толық

Түлкінің «сыны»

  • 0
  • 0

Бір ой келіп Түлкіге,
Кітап алды қолына.
Қалғып-мүлгіп ілкіде,
Қарады әрбір жолына.

Толық

Жұлдыздардай көктегі

  • 0
  • 0

Жұлдыздардай көктегі
Бірте-бірте азайып,
Өте шықты көктемім,
Өте шықты жаз айы.

Толық

Қарап көріңіз