Өлең, жыр, ақындар

Неге керек жалған сөз

  • 30.04.2019
  • 0
  • 0
  • 2279
Неге керек жалған сөз,
Өтірік сын!
Қиындықты жолдағы опырыпсың.
Абыройлы,
Құрметті
Қолайлы да
Креслоға сен бүгін отырыпсың.
Болмағанмен дәл қазір өзіңде мін,
Болушы едің, ойлашы, кезінде кім?!
Көңіліңе келмесін енді сенің
Әзіл-шыны аралас сөзім менің.
Қадірлі ғой жігіттер жақсы атпенен,
Жақсылықты жырлап мен қақсап келем.
Ғылым қумай, бауырым, басқа қудың,
Не істесең де істеуші ең мақсатпенен.
Емес едің сен біздей дала кезбе,
Болмаушы едің ешкіммен ала көз де.
Шкафтағы тәттіні алу үшін
Орындыққа шығушы ең бала кезде.
Бақыт шіркін келмейді тегін ерге.
Жүлде керек жүйрікке емінерге.
Тағы неге қол создың?—
Креслоның
Орындықпен емес пе тегі бірге?!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Бұл қалай?

  • 0
  • 0

Мен де бірі екенмін
Қолды-аяққа тұрмастың.
Айтуынша әкемнің,
Құлыныммен құрдаспын.

Толық

Қариялар кеміп қалған сияқты

  • 0
  • 0

Қариялар кеміп қалған сияқты,
Дәриялар кеуіп қалған сияқты.
Арулардың құты қашқан сияқты,
Аруананың сүті қашқан сияқты.

Толық

Қалай-солай айтқан сөзге балама

  • 0
  • 0

Қалай-солай айтқан сөзге балама,
Қызығамын бала мінез данаға.
Қалалықпын,
Кенттен бірақ алыспын,

Толық

Қарап көріңіз