Өлең, жыр, ақындар

Ойлар

Адам жанының, өмірдің мәңгілік екенін білетін шығарсыз, білуіңіз керек, себебі бұл өте маңызды, сонда адам жаны өлімнен қорықпайтын болады, күйзеліске ұшырамайды. Сондықтан Құран әрдайым өлімді еске алуға кеңес береді. Ертең өлетіндей өмір сүрсеңіз, мәңгілік өлмейтініңізге сеніңіз. Дегенмен тән – табиғат заңдылығына сәйкес өлімнен әрдайым қорқады. Қорықпаймын деу екіжүзділіктің белгісі. Адам өлімнің мәнін және одан шын қорықпауды – Алланы, қиямет күнін, қайта тірілуді, күннің астында ұзақ жылдар тұруды, қорқынышты сотты, қыл көпірді және ақыретті (жаннат пен тозақ) жиі еске алу арқылы үйренеді және бұл әсіресе намаз оқу процесінде орын алуы керек. Пайдалы болсын, зиянды болсын белгілі бір сенімге негізделген сөздерді қайта-қайта еске алу немесе басқа адамның есіне салу бұл сіздің болашағыңызды қалыптастыратын тағдыр және басқалардың жан дүниесіне әсер қалдыратын із.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, құран, Алла, құдай, намаз, адам, жан, мәңгілік, Өмір, өлім, күйзеліс, тән, табиғат, қорқақтық, екіжүзділік, күн, көпір, Сот, қорқыныш, ақырет, жаннат, тозақ, өмірдің мәні, болашақ, тағдыр, сөз, сенім, пайдалы, зиянды Нарша Булгакбаев

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз


Басқа да бөлімдер: