Эссе және өлең-жыр байқауы

Ойлар

Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді.
Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді.
Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,
Және жылап өледі, өзгені де жылатып.
Жылайтыны туарда – жамандар бар қинайтын,
Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын.

Ілмектер: адам, жылау, жамандар, жақсылар Қадыр Мырза Әли

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз