Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (48) Өлеңдер (93) Жоспарлар (6) Мақал-мәтелдер (479) Ұлағатты сөздер (853)

Адам болсаң,
Адаспай көр.

Ілмектер: адам, парсы мақалы

Адам болудан
Сауатты болу оңай.

Ілмектер: адам, сауат, парсы мақалы

Дарға аяғынан сүйреген адамдай.

Ілмектер: дар, аяқ, адам, парсы мақалы

Тәтті тілді адам жыланды іннен шығарар.

Ілмектер: тәтті, тіл, адам, жылан, ін, парсы мақалы

Ішін арақ жайлаған адам сүтті де үрлеп ішеді.

Ілмектер: арақ, адам, сүт, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Қатесіз адам – қаперсіз надан.

Ілмектер: қате, надан, адам, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Адам — әдет құлы.

Ілмектер: адам, әдет, құл, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Адамды – тілі,
Атты жүгі асырайды.

Ілмектер: адам, ат, тіл, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Аш адам айғайға басса,
Жалаңаш адам жолдан қашады.

Ілмектер: аш, жалаңаш, адам, жол, ауған елінің мақалы, ауған мақалы

Зымыраған ғұмырға адам тоймас,
Мәңгі сүрмес, бір күні өлмей қоймас.

Ілмектер: ғұмыр, адам, өлім

Адамда да ала-құлалық болады.

Ілмектер: адам

Сүйекті адам сүміреймейді.

Ілмектер: адам, сүйек

Кісі аласы – ішінде,
Жылқы аласы – сыртында.

Ілмектер: адам, жылқы

Тау таумен қауышпайды,
Адам адаммен қауышады.

Ілмектер: тау, адам, қауышу

Адам мәңгі сүрмейді,
Көрден қайтып келмейді.

Ілмектер: адам, өмір

Ағаш шешінгенде,
Адам киінер.

Ілмектер: ағаш, адам

Аш адам көп жейді,
Ашулы адам көп сөйлейді.

Ілмектер: ашу, адам, аш

Адам да бір жыл құсы,
Ұстатпайды күлкісі.

Ілмектер: адам, құс, күклкі

Табан ішпейді,
Адам ішеді.

Ілмектер: адам, қырғыз мақалы

Аш адамның көзі апандай.

Ілмектер: адам, қырғыз мақалы