Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (69) Өлеңдер (58) Жоспарлар (2) Мақал-мәтелдер (154) Ұлағатты сөздер (33)

Бай тоқ болмас,
Батыр аш болмас.

Ілмектер: бай, батыр

Белдескеннің белін үз.
Тайласқанның тайын үз.

Ілмектер: батыр, қайсарлық

Жағым сынса да, сағым сынбасын.

Ілмектер: батыр, қайсарлық

Жау жоқта батыр көп,
Дау жоқта ақыл көп.

Ілмектер: дау, батыр

Батырдың басы да екеу болмайды.

Ілмектер: батыр

Батырға таяқ та жарақ.

Ілмектер: батыр

Қылышты қорқақты
Сойылды батыр соғып алады.

Ілмектер: батыр, қорқақ

Орақшы орақ таңдамайды,
Батыр жарақ таңдамайды.

Ілмектер: батыр

Қорқып, бұғып өлгенше
Тайсалмай, тауға шығып өл.

Ілмектер: батыр, қайсарлық, қорқақ

Қылышынан қан тамған батырды,
Тілінен бал тамған ақын алады.

Ілмектер: батыр, тіл, ақын

Батыл, батылдың ісі — мақұл.

Ілмектер: батыр

Батыл болмай батыр болмас.

Ілмектер: батыр, батыл

Батырға да жан керек,
Пақырға да жан керек.

Ілмектер: батыр

Батыр қол бастар,
Көсем жол бастар,
Шешен сөз бастар.

Ілмектер: батыр, көсем, шешен

Жығылған күреске тоймайды.

Ілмектер: күрес, батыр

Қорқақ, көлеңкесінен де қорқады,
Қас батыр жауын жеңгенше жортады.

Ілмектер: қорқақ, батыр

Батырсыған жігітті
Жау келгенде көрерміз.
Мен-менсіген жігітті
Дау келгенде көрерміз.

Ілмектер: батыр, дау

Екі қылыш бір қынапқа сыймайды.

Ілмектер: батыр

Батыр болсаң — жауды қайтар,
Шаруа болсаң — малды қайтар.
Шешен болсаң — дауды қайтар.

Ілмектер: батыр, шаруа, шешен

Батыр елінде,
Балық көлінде.

Ілмектер: батыр