Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (14) Ұлағатты сөздер (4)

Бәледен машайық та қашыпты.

Ілмектер: бәле, сақтық

Сауын саусаң, бие сау,
Боз қырау түспей суалмас.
Түйткіл тартсаң, түйе сау,
Ауру, бәле, жын алмас.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ауру, бәле, жын

Тауға сүйенген,
Таудай бәледен аман қалады.

Ілмектер: тау, бәле

Қазанға тиме, қарасы жұғар,
Балаға тиме, бәлесі жұғар.

Ілмектер: қазан, бала, бәле

Үндемегеннің ішінде,
Үйдей бәле жатады.

Ілмектер: үндемеу, бәле

Үндемеген
Үйдей бәледен құтылады.

Ілмектер: үндемеу, бәле

Мақтанған тілге – мың бәле.

Ілмектер: тіл, бәле

Шұбалаң жолдан,
Бәлекет тілден.

Ілмектер: жол, бәле, тіл

Қазанның күйесі жұғады,
Ақымақтың бәлесі жұғады.

Ілмектер: қазан, күйе, бәле, ақымақ

Басқа келген бәледен бастан құлақ садақа.

Ілмектер: өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар, бәле

Білмеген мың бәлеге тұтылар,
Білген мың бәледен құтылар.

Ілмектер: бәле, өмір, орта, тұрмыс, тірлік, қоғамдық құбылыстар

Бәле балалап туады.

Ілмектер: бәле, Араб мақал-мәтелдері

Қатынға тисең қарасы жұғады,
Балаға тисең бәлесі жұғады.

Ілмектер: қатын, бала, бәле

Бәле қайда деме,
Аңламасаң, аяқ астында.

Ілмектер: бәле


nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)