Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (15) Өлеңдер (26) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (447) Ұлағатты сөздер (86) Әзіл, анекдоттар (1)

Су жүрген жер береке,
Ел жүрген жер мереке

Ілмектер: ел, халық

Көптің қолы көкке жетеді.

Ілмектер: ел, көпшілік

Ел үмітін ер ақтар,
Ер атағын ел сақтар.

Ілмектер: ер, ел

Ел ұлсыз болмас,
Жер гүлсіз болмас.

Ілмектер: ел

Ер жігіт елі үшін туады,
Елі үшін өледі.

Ілмектер: ер, ел

Ер есімі – ел есінде.

Ілмектер: ер, ел

Атың барда – жер таны желіп жүріп,
Асың барда – ел таны беріп жүріп.

Ілмектер: ас, төрт түлік мал, ел

Нан астығын жинаймын,
Елге астық сыйлаймын.

Ілмектер: нан, ел

Ер қадірін ер білер,
Зер қадірін зергер білер.

Ілмектер: қадір, ер, ел, зергер

Еңбек қылмай ер оңбас,
Бірлік қылмай ел оңбас.

Ілмектер: еңбек, бірлік, ер, ел

Туған жер - тұғырың,
Туған ел - қыдырың.

Ілмектер: жер, ел

Ел қадірін көрген біледі,
Жер қадірін жүрген біледі.

Ілмектер: қадір, ел, жер

Адам елінде көгерер,
Қоға көлінде көгерер.

Ілмектер: адам, ел, көл

Ел-елдің бәрі жақсы,
Өз елің бәрінен жақсы.

Ілмектер: ел, жақсы

Жері байдың елі бай.

Ілмектер: ел, жер, байлық

Үй үйге сыймағанмен, ел елге сияды.

Ілмектер: үй, ел

Ел малсыз болмас,
Жігіт жарсыз болмас.

Ілмектер: ел, жар, жігіт

Даттаушы түгел жау емес,
Мақтаушы түгел ел емес.

Ілмектер: жау, ел

Елдің баласы бола алмаған ағасы да бола алмайды.

Ілмектер: аға, бала, ел

Атың барда жер таны,
Асың барда ел таны.

Ілмектер: ас, ел

nationalgeographic.kz
Сертификат алу. Сертификат, алғыс хат пен диплом алу жөнінде мәлімет
ҰБТ(онлайн тест)