Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақал-мәтелдер (607) Ұлағатты сөздер (1)

Қашаған ат қасқырға тап болады.
Ұрыншақ ат ұрыға тап болады.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Жалғыз атты, тойға да бармас,
Тойдан да қалмас.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, той

Жалғыз атты базардан қалмас.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, базар

Тай атқа жеткізеді,
Ат пыраққа жеткізеді,
Пырақ мұратқа жеткізеді.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Атыңа батса алтын ер,
Атып ұр да, отқа жақ.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Бәйгеге қосар атыңның
Ерін алма, терін ал.
Күреске түсер батырдың
Көңілін жайла, шерін ал.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, батыр

Тобан аяқ торыны,
Тойға мінбе, қойға мін.
Құлан аяқ құланы
Қойға мінбе, тойға мін.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Аттың көркі — жал,
Адамның көркі — мал.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Атыңды мақтама,
Жүрісінен жаңылады.
Қатыныңды мақтама,
Жүрегінен қабынады.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Жорғаны жорға демесең
Жүрісі атқа жетпейді,
Жемін беріп демесең,
Жолға тастап кетпейді.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Шабылмаған жүйрікті,
Шағылмаған бала шапсын.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, бала

Бір теңге бие болмайды,
Екі теңге түйе болмайды.
Өзінікін азсынған,
Кісінікін көпсінген
Өз малына ие болмайды.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Түлкі түгінен жазады,
Есек жүгінен жазады.

Ілмектер: жан-жануар

Бала жанды биелер
Құлындарын теппейді.
Бала жанды адамды
Бала айналып кетпейді.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, бала

Құрғақ талқан жегенді
Күлдірме.
Жайдақ атқа мінгенді
Желдірме.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, ас, талқан

Иесі келсе
Биесі кісінер.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Қарабайыр қазан ат
Қара жолда қалдырмас.
Қара жолда қалдырып,
Қанатыңды талдырмас.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Табаны тозбас
Тұлпар жоқ,
Қанаты талмас
Сұңқар жоқ.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Атымның сыры өзіме мәлім.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал

Жылқы құлыннан өседі,
Теңге тиыннан өседі.

Ілмектер: жан-жануар, төрт түлік мал, теңге, тиын